Қытай вирусының күмәнді тұстары көп

05.02.2020
Қаралды: 209

Қытайда таралған вирус мені көп ойға қалдырды. Өзімнің оған негізгі себеп деп ойлауға болатын төрт нұсқамды ұсынып отырмын. Олар мынадай:

 

1. Табиғи кездейсоқтық. Әрине, дерт табиғи жолмен, белгілі бір жәндіктерді пісірмей жеудің салдарынан, адамнан адам­ға жұғып таралып кетуі бек мүмкін.

 

Егерде осылай болса, онда қалайша бұл тез арада үлкен эпидемияға айналып кетті? Алпауыт елдің мұндай вирусты бұған дейін зерттемей, оған қарсы дәрілердің қорын жасақтамай, қамсыз отыруы күмән тудырады. Демек, бұл вирус бұған дейін әбден зерттелген болуы мүмкін. Тек ол түрі мұншалықты тез таралу қаупін тудырмайтын болған. Ал бұл корона­вирустың бұрынғыларынан ерекше, жетілдірілген түрі болуы мүмкін.

 

Алғашқыда бұл вирусты теңіз өнімдерінен жұғады деген ақпарат болған. Яғни бұрынғылары солай таралған болса керек. Кейіннен жарқанаттан таралған деген қорытындыға келіп отыр. Демек, бұл  бұрын кездеспеген жаңа түрі болғаны. Бірақ бұл нұсқа көңілге онша қонымсыздау.

 

2. Фармацевтика саласындағы алпауыттардың пайда табу мақсатында жасап отырғаны.

 

Кезінде аяқ астынан пайда болып, кейіннен жойылып кеткен Эбола індеті, құс тұмауы сияқты бұл да бір қарсы дәрілері бар, әбден зерттеліп, қолдан жасалған вирусты әлемдік фармацевтикалық алпауыттар әдейі қолдан жасап таратып отырған болуы да ғажап емес. Мақсаттары: Өздерінің шығарған дәрілерін үлкен сұраныспен кемінде 2 миллиард адамға сату. Бүкіл әлемнің осы вирусқа қарсы екпелерге деген сұранысын тудыру.

 

Екі жағдайда да шаш-етектен пайда табады. Қазіргі бизнестің басты қағидасы: өз өнімдеріне сұраныс тудырып отыру. Әйтпесе кезінде аяқ астынан пайда болып, әлемге қауіп тудырған құс тұмауы мен Эбола вирусы қайда кетті?

 

3. Бактериологиялық қарудың салдары.

 

Қарсыласын оқ шығармай қырып салудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде бактериялық қару қолдану.

 

4. Бір елдің екінші елге қарсы гибридтік соғысының бірінші қадамы.

 

а) Бір елдің екінші елге қарсы бірденнен бірнеше бағытта үлкен соққы беруі. Өздерінің  қаншалықты үстем екен­дігін көрсету арқылы Қытай үкіметінің сағын сындыру, халқының арасына дүрбелең сала оты­рып, үкіметіне қарсы қою. Дерт жұқтырған халық санының күрт өсуі­нен жергілікті биліктің бұндай сәтке дайын болмай, шарасыздық танытқанына наразы халықты үкіметке негативті көзқарас тудыра отырып қарсы бағыттау. Бұл елдің экономикасын әлсірету, сауда-саттық, туризм саласы мен ірі өндіріс ошақтарына үлкен соққы беру. Әлемге Қытайды індеттің ошағы ретінде көрсете отырып, ол елмен қарым-қатынас жасауға үрке қарау синдромын тудыру.

 

ә) Қытай мемлекеті бұл індетті игере алмай шарасыз күйге түскен шақта бір мемлекет қысқа уақытта осы індетке қарсы вакцина мен дәрілер ойлап тауып, Қытай мемлекетіне өз тарапынан дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қыруар көмек көрсету арқылы оның қара халқының алдында да, әлем алдында да үлкен беделге ие болу. Сол беделін кейіннен Қытай үкіметіне қарсы қолдану.

 

«Кездейсоқтық кездейсоқ болмайды» (Случайности неслучайны) деген қағидаға сәйкес, бұл індеттің Қытай мемлекетінің Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында шыға келгені кездейсоқтық болмауы да мүмкін.

 

...Қытайды ғана емес, бүкіл әлемді елеңдеткен бұл оқиғаны өзім осылай сараладым. Жалпы, кімнің де болса мұндай жайларға қатысты ойланып, тиісті сабақ алғаны артықтық етпейді ғой.

 

Рүстем АШЕТАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ