Ордабасы ауданының орталығына өзгеріс керек-ау

28.01.2020
Қаралды: 418

Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылы соңғы кездері көштен қалған елді мекенді елестетеді.

 

Ескі үйлердің жөндеуді қажет ететіні анық. Әрине, үйлер жекеменшік болғандықтан жөндеу жұмыстарын тұрғындардың өздері істеуі тиіс. Бірақ жұмыстың жоқтығы көпшілікті аздырып-тоздырып жібергендей. Үй жөндеу былай тұрсын, ертең не ішіп-жейміз деп отырғандар болса, оған да таңданудың қажеті жоқ.

 

Бұл аудан биыл 55 жылдық мерейтойын атап өтті. Оған аз қаржының жұмсалмағаны белгілі. Кейде сол қаржыға осындай үйлерді жөндеу керек пе еді деген ой келеді.

 

Осыдан 7-8 жыл бұрын Отырар ауданында да осындай үйлер болған. Тіпті қабырғасын тесіп, мұржа шығарып қойған үйлер бар еді. Бірақ ауданға Бейбіт Сыздықов әкім болып келгенде сол үйлерді жекеменшік деп қарап жүрмеді, толықтай жөндетті. Шатырын да ауыстырды. Ішіне жылу жүргізді.

 

Әрине, оны әкім өз қаржысына істетпегені белгілі. Бірақ көзін тапты.

 

Ордабасының қазіргі әкімі Ә.Өсербаевты да іскер деп жиі айтып жүр. Олай болса, ол кісі өзін көрсететін кез келген секілді.

 

Қалай болғанда да соңғы кездері әкім тұрақтамай кеткен Ордабасыға өзгерістер керек-ау.

 

Ұлықбек ҮМБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ