Бейне Қаржаубаева Қытайдағы белгісіз дерттің емін тапқанын айтады

27.01.2020
Қаралды: 1285

Қытайдың орталық аумағындағы Ухань қаласында өткен жылдың соңғы күндерінде бірнеше адам вирустың бұрын кездеспеген бір түрін жұқтырып ауырды. (Ухань қаласының 12 миллионнан астам тұрғыны бар). Бүгінде ауру жұқтыр­ғандардың қатары 2744 адам деп айтылып отыр. Олардың 80-і кеселден оңалмай қайтыс болды.

 

Қазір Ухань қаласында қытайлықтармен бірге әлемнің басқа елдерінен арнайы бар­ған мамандар ауру себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оны әзірге ауа-тамшы жолымен таралады деп болжалдауда. Өйткені дәл осы дерт симптомдары Қытайдың Уханьға жеке жұмыстарымен барған бас­қа да бірнеше тұрғындарынан анықталып отыр. Сондай-ақ бұл қалаға Гонконгтен, Вьетнамнан, Сингапурден, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, Тайландтан, тіпті АҚШ-тан барған бірнеше адам ауру жұқтырыпты. Осыған қарап бұл дертті аса жұқпалы деп үрейленіп жүргендер көп. Ал кей мамандар оны адамнан адамға жұқпайды деп сендіруге тырысуда.

 

Әзірге кеселдің коронавирус екені анықталып, оған өзіндік атау берілді. Бүгінде оның қалай пайда болғаны зерттелу үстінде.

 

Бұл коронавирус жұққан адамның дене қызуы көтеріледі, ол жөтеледі, кеудесінен салмақ сезінгендей болады екен. Ол бірінші кезекте жасы ұлғайғандар мен созылмалы дерті барларға қауіпті деп айтылуда. «Асқындырып алған жағдайда ол тыныс жолдарымен қоса жүйке жүйесін, асқазан-ішекті зақымдайды, өмірге қатер төндіреді» деп сипатталады.

 

Міне, Қытайды дүрліктіріп, әлем жұртшылығын алаңдатып отырған осы ауру жөнінде Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Зағамбар ауылының тұратын Бейне Қаржаубаева да (суретте) естіген екен. Ол кешегі аптада «Замана» редакциясына хабарласты.

 

«Мен тылсым әлеммен байланысып, бұл ауруды қалай емдеуге болатыны туралы сұрақ қойдым. Сауалыма кеше жа­уап алдым. Одан жыланның 1 грамм уына екі жұмыртқаның ақ уы­зын араластырып, соны тамақ астынан өкпе тұсына дейін жағу арқылы емделуге болады. Дәрмекті  күніне таңертең және кешке, екі мезгіл, бір-екі ай бойы жағу қажет. Сонымен қатар табиғи жеміс шырындары мен айран ішіп тұру керек», – дейді ол.

 

Жалпы, төлебилік Б.Қаржау­баеваның есімі «Замананың» оқырмандарына жақсы таныс. «Ауру себебін әруақтармен тілдесіп, тылсым әлеммен байланысу арқылы білемін», – деп айтатын Б.Қаржаубаева туралы кезінде газетімізде «Тылсым дүние» айдарымен мақала шыққан. Расын айтқанда, оның кей сөздеріне түсінбей, күмәндана қарайтынымыз да рас. Өзінің тылсым әлеммен байланыса алатынына сенімді қызға сондықтан да «Бұл айтқаныңды немен дәлелдейсің? Ол тәсілді біреулерге қолданып, шипа боларына көз жеткіздің бе? Өзің бұған қаншалықты сенімдісің?» деген тұрғыда бірер сұрақтар қойдық.

 

«Қытайдан шыққан ауру туралы жаңалықтардан естігесін, ғаламтордан оқыған соң тылсым әлемге сұрақ қоюды шештім. Мен сұрақты ойша қоямын, жауап әр кезде әрқалай келеді. Құлағыма естіліп тұрады.

 

Менің адам емдейтінім бар. Кезінде өкпесі қабынған адамдарға шөптен жасалған дәрілермен шипа дарытқан кездерім болған. Әлгі ауруға мен айтқандай емді қолданып көру керек. Пайдасы болмаса, зияны тие қоймас деп ойлаймын.

 

Өзім мұндай тәсілмен адам емдеп көрген емеспін. Бірақ тылсымнан келген хабарға се­не­мін. Қытайда адамдар ауы­рып, дертті басқа елдердің де тұрғындары жұқтырып алып жатыр дегенді естігесін тылсым­ға осындай сұрақ қойып, осындай жауап алдым. Бұл емді қолда­нып, тәжірибеден өткізіп көрсе болады ғой», – дейді Б.Қаржаубаева.

 

Біздің төлебилік Б.Қаржау­баеваның сөздеріне қосып-аларымыз жоқ. Тек оның айтқандарын оқырман назарына жеткі­зуді мақсат тұттық. Мүмкін оның айтып отырған тәсілінің  дертті адамға пайдасы тиіп те қалар, кім білген... Ең бастысы, Қытайдағы аурудың шекара асып келген адамдармен бірге біздің елге де жетіп қалмауын тілейік.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ