Ішкі саясатымыздың сиқы осындай...

27.01.2020
Қаралды: 190

Шымкент. Әуежайға барар жолда...

 

Мұны кім қалай түсінеді? Бұл сөздер қандай мағына береді? Бұл сонда кімге арналған сөздер? Осыны жасату үшін қазынаның қанша ақшасы кетті екен?

 

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде жарияланған осы суретке орай бірнеше адам пікір білдірді. Оларды қаз-қалпында жариялағанды жөн көрдік.

 

Қарақат Саурықтегі Сағатбекқызы: Осы жолда неше түрлі жазулар бар...

 

Есен Құламан: Өзі қисайып тұр.

 

Ибрахим Әлсерке: Бір кісі өлмей еш жақсылық жоқ.

 

Бақыткүл Қасенова: Жемқорлар елі екенін бүкіл қазақ біледі. Мойындап тұр ғой мына жазу.

 

Гүлзат Сүгралиева: Сондай жазулардың түбінде тұрып, алып жатқандар бар ғой параны...

 

Aska Akta: Айтып ұрлағанның айыбы жоқ деген сөзді жақсы түсінген халық қой.

Байбактинский Бакенский: Ең жемейтін қалада жазып қойған екен да...

 

Ерман Дадай: Акиматтағы осыны жаздырып отырғандардың деңгейін осыдан білуге болатын сияқты.

 

Ерлан Шаяхметұлы: “Біздер нұротандықтар тұрғанда гүлденбейсіңдер”-дегендері ғой. Ұсталып жатқандар түгел нұротаннан!

 

Алеке Лашкерұлы: Бізде бәрі керемет дегені ғой...

 

Жарқынбек Сейтінбет: Бізде сол, мағынасыз ұран. 30 жылда гүлденбек түгілі, көк те шықпады.

 

Қапар Ахат: Суреттердің орны аппақ боп тұр ғой. Бұның бәрі бос сөз деп тұрған жоқ па? Неде болса мықты дизайнер екен.

 

Ерлан Ерлан: Онысы рас, жемқорлықсыз ел гүлденіп жатыр.

 

Мира Амантаева:  Иә, өте керемет жемқорлықсыз гүлденіп кетті Қазақстан...

 

Жарасхан Наурызбай: Мойындап тұр ғой боққа батқанын...

 

Ғабит Сапарбеков: Жемқорлық болмаса, ел гүлденетінін меңзеп тұр. Осылай түсіндім.

 

Мирас Есенженов: Тек пара алушылар кінәлі емес, берушінің де кінәсі көп. Айтатын боларсыңдар, пара алушы мәжбүрлейді деп. Кей кезде берушілер кінәлі. Бәріміз білеміз, министрден бастап мектеп директорына дейін мектепте ақша жинауға қарсы бұйрық шығарады. Ал ата-аналар өздері ақша жинайды. Ұят болады деп. Әркім өзінше түсінеді бұл ұранды. Халық өзі қолдамаса, ешқандай ұран да, бұйрық та орындалмайды. Сондықтан жемқорлықты бізде бәрі жақсы көретін сияқты.

 

Абди Рахман: Ұялсын деген болар...

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ