Ол жақта уақыт тоқтап қалған ба?

27.01.2020
Қаралды: 160

«Замананың» электронды почтасына хат келіп түсті. Ондағы суретке қатысты мынадай түсіндірме жазыл­ған:

 

«Көрмес түйені де көрмес» дейді дана хал­қымыз. Жетісай мен Мақтаарал аудандарына баратын жол айырығындағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» деген жазуы бар билбордқа қарап, бұдан артық сөз ойыңа да келмейді. Облыс әкімі ретінде сіз бұл екі аудан әкімдеріне қандай жолмен жүру керек екенін көрсетіп қоярсыз деген үміттеміз.

 

Сәлеммен – көрші Сарыағаш ауданының тұрғындары».

 

...Арада көп өтпей редакциямызға бір азамат хабарласып, осы хаттың жеткен-жетпегенін сұрады. «Газеттеріңізде жарияласаңыздар екен», – дейді ол. Аталған жайға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің назар аударғанын қалайтынын білдірді. «Тәуелсіздігімізге 30 жыл толғалы отыр. Ал мынадай өрескел қате жазуы бар билборд өмір бойы тұра бере ме?» – дейді ол кісі.

 

Бұл жайға байланысты қай әкімнің болса да айтары бар шығар деген ойдамыз.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ