Алматыда ұшақ құлады, 14 адам қаза тапты

27.12.2019
Қаралды: 378

Бүгін, 27-қаңтар қайғылы оқиғамен басталды. Таңертеңгі сағат 7-30 шамасында Алматы қаласының маңында BekAir әуекомпаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады.

 

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы №2100 рейспен Fokker-100 ұшағы  сағат 7-05 те ұшып, бірден радардан жоғалып кеткен екен. Құрамында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 

 

Ұшақ әуежайдың ұшу алаңынан бір шақырым қашықтықта, Алматы облысы Талғар ауданындағы Гүлдала ауылының маңына құлап, салдарынан ауылдағы 2 қабатты үй қатты зақымданған. Апат болған жерде жұмыс істеп жатқан төтенше қызмет өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат бермеді. 

 

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 14 адам қаза тапқан. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

 

Бұл апаттың толық себебі ашылмайынша, еліміздегі барлық Fokker-100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды.

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ