Кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған прокурорлар ұсталды

25.12.2019
Қаралды: 145

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Бас Прокуратураның ішкі тергеу департаменті бірлесіп прокуратураның екі лауазымды қызметкерін ұстады.

 

Жариялан­ған деректерде олардың бір кәсіпкерді қор­қытып, одан 50 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түскені туралы айтылады. Бүгінде бұл азаматтарды тергеу жүріп жатыр.

 

Қолға түскендер – Бас Прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры мен Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

 

Заңдылықты қадағалап, азаматтардың құқы мен мемлекет мүддесін қорғауы тиіс адамдар осындай қадамға барып отырғасын басқалардан не үміт, не қайыр?

 

Ж. ЕЛІБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ