Білім бөліміне мұғалімді басындырмайтын басшы керек

24.12.2019
Қаралды: 180

Түркістан облыс орталығы болғалы бергі аз уақыттың ішінде бұл жақтағы полицияны тіреуі мықты деген тілі шұбар біреулер басқарып келді. Соның нәтижесінде «бала, баланың ісі – шала» болды.

 

Түркістанның бөлімдерін тәжі­рибесі мол, ойлы азаматтар басқаруы тиіс. Мына жағдайдан соң қалалық білім бөлімінің басшысы да жазасыз қалмауы керек. Әжетханаға кезекшілікті ұйымдастырған сол білім бөлімі. Тек №15-мектепте ғана емес, қаладағы 35 мектептің бәрінде кезек­шілік ұйымдастырылған.

 

Білім бөлімінің басшысы тапсырма береді. Директор бұйрық дайындайды...

 

Біздікілер миды жұмыс істетпейді ғой. «Шаш ал десе, бас алатын» жағымпаздар кіл.

 

Ол аздай, ұстаздың мәртебесін таптатып қойып сырттай бақылап отырғаны, сол мектеп мұғалімдерінің аузын жауып, тырп еткізбей отырғаны білім бөлімінің басшысына жарасатын қылық па?

 

Ақмарал ханым, бастық болып көрдіңіз ғой, орныңызды босата қойыңыз енді. Білім бөлімінің берекесін қашырып біттіңіз. Сіздің қандай басшы екендігіңіз бүгінгідей сын сағаттарда көрініс тапты.

 

Түркістан қалалық білім бөліміне Айдос Аппазов  сынды білікті, іскер ер-азаматтар басшылық етуі керек.

 

Мәриям АСАНОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ