Трамптың басына бұлт төніп тұр

24.12.2019
Қаралды: 309

АҚШ-та Президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесі көптен бері қозғалып келе жатқаны белгілі. Оған қарсы адамдардың әрекеті күшейіп келеді.

 

Таяуда АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының 230 мүшесі импичмент жариялауды қолдап дауыс берді. Қарсы болғандар саны – 197. Өкілдер палатасының басым бөлігі Президентке импичмент жариялауды қалайтындарын білдірді.

 

Мәселе енді Сенатқа, екінші сатыға өтті. 67 адамнан кем емес сенаторлар, яғни жалпы сенаторлардың үштен екі бөлігі импичмент жариялауды қолдаса, Трамптың күні қараң. Онда арнайы сот өтеді, Өкілдер палатасы – айыптаушының, сенаторлар алқабилердің ролінде болады. Бүгінде Трампты қарсыластары «өкілеттігін асыра пайдаланған» және «импичмент процесіне кедергі келтірген» деп айыптап отыр.

 

Ал қазір жасы 73-тен асқан Дональд Трамп бұл мәселені аса уайымдап жүрген жоқ сияқты. Себебі оны жақтаушылар аз емес, халықтың да тең жартысы дерлік оны шын құрметтейді.

 

...АҚШ-та Президент сайлауы 2016 жылдың қараша айында өткен. Келесі сайлау 2020 жылдың 3-қарашасына деп белгіленген. Ал импичмент мәселесін Сенат алдағы қаңтар айында қарайтын болып отыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ