Қаратау ауданының әкімі тағайындалды

22.08.2016
Қаралды: 838

Шымкенттің Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалды. Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 5-ші сессиясында бұл қызметке 

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімімен Ғабит Мәуленқұлов тағайындалды.

Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов 1977-жылы Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылында өмірге келген. Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Каспий экологиялық прокуратурасында, Атырау табиғатты қорғау прокуратурасында, ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында жауапты қызметтер атқарған. 2016-жылғы қаңтар айынан бері ҚР Жоғарғы Соты аппаратының Жоғарғы Соттың қызметін қамтамасыз ету департаменті Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ