Роза Рымбаева Еңбек Ері атанды

17.12.2019
Қаралды: 69

Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Президент Қ. Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапатталғандар қатарында белгілі әнші Роза Рымбаева да бар. Р. Рымбаева «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.

 

Бұған қатысты шыққан Жарлықта: «Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», – деп жазылған.

 

Роза Қуанышқызын қуанышымен құттықтаймыз!

 

 

М. ӘМІР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ