Бұқарбай Парманов Төлеби ауданына әкім болды

22.08.2016
Қаралды: 1140

Төлеби ауданының әкімі қызметіне Бұқарбай Парманов тағайындалды.

Бұқарбай Рысқұлұлы Парманов 1962-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – экономист, құқықтану бакалавры. Еңбек жолын қатардағы колхозшыдан бастаған. Кентау қаласындағы, Ленин (Қазығұрт) ауданындағы қаржылық мекемелерде, облыстық салық және қаржы полициясы органдарында, Сарыағаш ауданы әкімдігінде жауапты қызметтер атқарды. Б.Парманов 2014-жылдың ақпан айынан бері Сарыағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келген болатын.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ