Жол-көлік апаттары неге көбейіп кетті?

17.12.2019
Қаралды: 70

Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары туралы күнде еститін болдық. Ондаған адамдар құрбан болып жатыр. Кешегі аптада Қызылорда облысында автобус аударылып, 8 адам мерт болды, бірнеше адам ауруханаға түсті.

 

Неге бұлай болып жатыр? Техника нашар ма? Жол жайсыз ба? Жүргізуші кінәлі ме? Әлде мұның басқадай бір себебі бар ма?

 

Ойға осындай сан сұрақ келеді. Айдың-күннің аманында, ойда-жоқта талай азамат үйіне оралмай, отбасы қара жамылып қалуда. Мынадай қиын заманда арқасүйерінен, асыраушысынан айырылған отбасыларға олардың орнын ешкім де, ештеңе де толтырып бере алмайды ғой.

 

Неге бұлай болып жат­қаны зерттеліп-зерделенсе, жағдайды оңалтуға тиісті шаралар қолға алынса екен. Ал көлік ру­ліндегілер өзінің ғана емес, өзгелердің де  өмірі үшін жауапты екенін естен шығармасы дейсің.

 

С. ЕРІК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ