Тағы да бір судья қолға түсті

17.12.2019
Қаралды: 302

Елімізде кейінгі бір-екі айдың көлемінде ғана бірнеше судьяның парамен ұсталғаны белгілі. Ол жөнінде біз газетіміздің өткен нөмірлерінде жазғанбыз. Ал кешегі аптада тағы бір судьяның істі болғаны туралы айтылып, оған қатысты видео жарияланды.

 

Бұл жолы Түркістан облысындағы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қолға түсіп отыр. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің облыстық департаменті Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бас­қармасымен бірлесіп ұстаған. Бұған қатысты хабарда «пара алу фактісіне тосқауыл қойылды» деп айтылады. Яғни бұл азаматқа қазір аудандық полиция қызметкерлерінің шетел­дік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарын кедергісіз қарағаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған деген күдік келтірілуде. Оның кінәсінің деңгейін сот анықтайтын болады.

 

...Күн сайын бірнеше адамның парамен қолға түскені туралы еститін болдық. Қысқасы, «Ет сасыса, тұз себеді, тұз сасыса, не себедінің» кері болып тұр.

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ