Димаш қазақты әлемге мойындатты

16.12.2019
Қаралды: 273

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдас­тыруымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болып өтті.

 

19 мың адам сиятын «Barсlays Сenter» аренасына жиналған жұрт естен кетпес әсерге бөленді.

 

Бұл концертке Димаштың жанкүйерлері жан-жақтан жиналды. Оған Канада, Жапония, Австралиядан, Латын Америкасынан, жалпы, 60 шақты елден, сондай-ақ АҚШ-тың 41 штатынан мыңдаған көрермен келді. Концерт үш сағаттан астам уақытты қамтыды. Билет құны 46 – 126 доллар (17 мың – 48 мың теңге) аралығында болды.

 

Әлемнің сүйіктісіне айналған әнші қазақтың халық әндері мен әлемдік классиканың жауһарларын қазақ, ағылшын, орыс, қытай тілдерінде орындады. Сондай-ақ онда қазақтың күйлері ойналды.

 

Тыңдармандар Димаштың өнеріне тәнті болғаны соншалықты, ол ән айтқанда көптеген жанкүйерлер көзіне жас алып, түрлі эмоцияларға берілген. Ал Димаштың өзі үлкен сахнада қа­зақ өнерін таныту бала кезгі арманы болғанын, сол арманының орындалғанын айтты.

 

...Кешегі Тәуел­сіздік мерекесі қарсаңында Димаш Құ­дайберген Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Қа­зақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері» атанды. 

 

М. ӘМІР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ