Орал жұрты митингіге шықты

16.12.2019
Қаралды: 218

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Оралда қоғам белсенділері рұқсат етілген бейбіт митинг өткізді. Олар «Әлеуметтік әділеттілікті талап етеміз!», «Полиция өз функцияларын орындасын!», «Таза емес судьялар жауапқа тартылсын!», «Үкімет, бағаларды бақылауда ұста!», «Коррупция­мен күрес – мемлекеттің басым бағыты!» деген сияқты ұрандар көтерді.

 

Митингке қатысушылар барлық салаларды шырмап алған жемқорлық пен қымбатшылыққа, сондай-ақ жиі орын алып жатқан адам құқықтарының бұзылуына қарсы наразылық білдірді. Олар қоғамды жемқорлыққа төзбеуге, атқарушы билікті мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жан-жақты қамтамасыз етуге шақырды. Үкіметке бағаны қадағалау мен жемқорлықтың алдын-алу, жемқорларды қатаң жазалау және тағы басқа да көкейтесті мәселелер бойынша үндеу тастады.

 

Бейбіт митингті полиция қадағалап жүрді.  Оның өткізілуін өз жауапкершілігіне алған «Жария» қоғамдық қозғалысы өкілдерінің айтуынша, бұл – Оралда соңғы жеті жылдан бері тұңғыш рет өткізіліп отырған митинг. Онда полиция тарапынан тек саяси мәселелер қозғалмауы керектігі жөнінде бірнеше ескертулер ғана болған. Жалпы алғанда, жұрттың өз көкейіндегісін ашық айтуына мүмкіндік тиді. Митинг бейбіт талаптар қоюмен, тыныш өтті.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ