Тыл ардагерлеріне теңдік сұраймыз

13.12.2019
Қаралды: 178

Енді бірер аптадан соң 2020 жыл басталады. Содан арада бес ай өткен соң Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз.

 

Осы орайда біздің Үкіметке айтар назымыз бар. Бүгінде қатары азайып келе жатқан тыл ардагерлерінің қамын кім ойлайды? Оларда қазір тыл ардагері екенін айғақтайтын арнайы куәлік те жоқ.

 

Тыл ардагерлері еңбекке бала кезінен араласты, ауыр жұмыстар істеді, денсаулығынан айырылды. Олар майданның тірегі болды, Ұлы Жеңіске өзіндік үлесін қосты. Ендеше олардың еңбегін ескеру, лайықты құрмет көрсету керек қой.

 

Мысалы, Ауған соғысына қатысқандардың мәртебесі Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілді дейді. Ал тыл ардагерлері неге ұмыт қалады? Оларға қандай да бір жеңілдіктер жасалмай ма?

 

Басшылар осы жағын да ойланса екен дейміз.

 

Тыл ардагерлері атынан – Шалқар АРЫСБАЙҰЛЫ.

Шымкент қаласы.

Шалқар Арысбайұлының байланыс телефоны: 8-701-164-46-71.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ