Әуелхан Тұрғымбеков Түлкібас ауданын басқарады

22.08.2016
Қаралды: 841

Осыған дейін Төлеби ауданының әкімі болып келген Әуелхан Тұрғымбеков ендігі жерде Түлкібас ауданын басқаратын болды.

Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков 1959-жылы туылған. Ол Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ химия-технология  институтын бітірген. Кезінде Ленгір (Төлеби) аудандық комсомол комитетінде, облыстық комсомол комитетінде, халық депутаттары кеңесінде, Төлеби ауданы әкімдігінде, облыс әкімдігінде жауапты қызметтер атқарды. Шардара, Сайрам аудандарының әкімі, облыс әкімінің аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. Төлеби ауданын 2009-жылдан бері басқарып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ