Жемқорлардан тәркіленген мүлікті халық игілігіне бермек

13.12.2019
Қаралды: 271

Түркіменстанда ішкі істер министрі Ескендір Мүліковтің қызметінен босатылғаны туралы біз кезінде газетімізде жазғанбыз. Содан көп ұзамай көші-қон комитетінің төрағасы Мейлис Нобатов та тұтқындалған еді. Олар жемқорлық қылмыс үшін сотталып, бүгінде түрмеде отыр.

 

Таяуда түркімен Президенті Құрбан­ғұлы Бердімұхамедов олардан тәркі­ленген мүліктің халыққа тиесілі екенін  мәлімдеді. Сөйтіп жаңадан тағайындал­ған ішкі істер министрі Мәметхан Чакыевқа тәркіленген дүние-мүліктің бәрін қаржыға айналдырып, арнайы есеп-шотқа салуды тапсырды. Ол қаржы балабақша, мектеп, емхана, аурухана және үйлер салуға бағытталатын болды. Президент «тоқтамға» алынған үйлерді балабақшаға айналдыру немесе полиция, прокуратура, әкімдіктерге пайдалануға беру жөнінде тапсырды.

 

Соған қарағанда, аталған екі азамат қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жемқорлық жолмен қыруар қаржы және жылжымайтын мүліктер жинап алған сияқты.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ