Қазақтың зиялысы қайда кеткен?

12.12.2019
Қаралды: 235

Бұрын шығармашылық адамдары, яғни ақын-жазушы, суретші, режиссёр, драматург, композитор, басқа да білімді, білікті адамдар халықтың алдына шығып, ақыл айтып, жол сілтеп, білгендерімен бөлісіп отыратын зиялылар еді. Қазір мұндай адамдар құрып кеткен сияқты.

 

Меніңше, мұның себебі мынада: Бұрын­ғы зиялы ағаларымыз балаларына орысша тәрбие беріп, өздерінің тамырын өздері кесіп, ұрпақ жалғасын үзіп тастады. Орыстанған қазақтан ешқандай шығармашылық адамы шықпады, себебі ана тілін білмеген адам қалай қазақтың жазушысы, ақыны, драматургы, режиссёры болады? Өнерді дамыту үшін тұла бойың қазақ болуы керек, сонда ғана сенен бірдеңе шығады.

 

Ал не орыс емес, не қазақ емес болсаң, қазақ мәдениетінен, әдебиетінен, өнерінен не білесің, нені түсінесің? Ештеңені сезбесең қайтесің?

 

Қазақтың зиялыларының ұрпағы осылай, жалғасын таппай қалған сияқты. Қазіргі қазақтың жағдайы осылай болып тұр. Қазақ өзінің ана тілін өзіне қай уақытта түбегейлі қайтарып алады, сол уақытта ғана зиялылар да, кемеңгерлер де пайда болады деп ойлаймын.

 

Сәбира ҚОНАҚАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ