«Жаңа жылды қармен қарсы аламыз», – дейді шымкенттік болжамшы

11.12.2019
Қаралды: 205

Бүгіндері еліміздің басқа аумақтарында қыс күшіне мініп тұрғанымен Оңтүстік өңірде әзірге күн аса суыта қойған жоқ. Ал алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұл жөнінде шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбаймен хабарластық.

 

«27-қарашада жаңа ай туды. Ай тігінен, яғни «өзіне жайсыз, шаруаға жайлы» болып туды. Желтоқсанның алғашқы күндері жылы болғаны сондықтан. Менің болжамымша, қызуы 10-15 градус болатын жылы күндер алдағы 20-желтоқсанға дейін созылуы тиіс. 11-15 және 21-27-желтоқсан аралықтары жауын-шашынды болады. Үшінші онкүндікте ауа райы біршама суытып, өларада жауған жаңбыр соңы қарға айналады. Нағыз қыс 25-желтоқсаннан басталады, Жаңа жылды қармен қарсы аламыз деп болжап отырмын», – дейді Н.Қозыбай.

 

Нұрекеңнің болжауынша, алдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қыс өз атына сай болып өтпек. Ал көктем наурыздан кешікпей шығады. Құрғақшылық болмайды, жаңбыр орташа деңгейде жауады. Жалпы, көктем шаруаға жайлы болмақ. Шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай осылай дейді.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ