Облыстық мәслихат депутаты не бүлдірген?

05.12.2019
Қаралды: 287

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутатының үстінен іс қозғалды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды, бүгінде сондағы уақытша оқшаулау абақтысында отыр. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Облыстық мәслихаттағы депутат өкілеттігі мен әдебі, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылатын бұл азамат онымен қоса «Стар Тайм» атты серіктестіктің  коммерциялық директоры қызметін атқарады екен. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарушы директоры – басқарма мүшесінің 20 миллион теңге қаржыны ұрлауына көмектескен деген күдік келтірілуде. Бұл ақша Ақтөбе облысында орналасқан элеваторды сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден ұрланған көрінеді.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ