«Педофилдерді» бірден атып тастай салған дұрыс

05.12.2019
Қаралды: 274

Тараз қаласында сұмдық жай орын алды. Онда бір азғын 12 жас­тағы бүлдіршінге ойына келгенін істепті.

 

Оқиға мектепте болған. 7-сынып оқушысы үзіліс кезінде мектеп ғимаратының сыртындағы әжетханаға бар­ған екен. Арам ойлы азғын өзінің көздегенін сол жерде іске асырыпты.

 

Осы оқиғаға байланысты аталған мектеп директоры мен тағы бірнеше қызметкер жұмысынан кетті. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шеше ме? Ойда-жоқта қатерге ұрынған қызды айтсаңшы, оның алдағы тағдыры не болмақ? Өмір бойы есінен кетпестей ауыр соққы алған жанның обалы кімге?

 

Осындай сұмдық жайларды естіген сайын жұрт балалардың жағдайын қатты уайымдайтын болды. Әке-шеше, бауырларына еркелеп, ойнап жүрген баланы осындай күйге түсірген, ата-анасын өкінішке  душар еткен, жалпы жұрттың үрейін алып жүрген мұндай азғындар неге көбейіп кетті? Заң қатаңдатылып жатса да олар неге ты­йылмайды?

 

Ендеше ондай азғындарды ұстаған бетте-ақ жазалап, атып тастай салу керек шығар. Бүгінде ашулы, ызалы жұрт осылай болуын қалайды.

 

С. ЕРІК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ