Парақордың бастығы қызметтен қуылады

02.12.2019
Қаралды: 42

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен қолға түскен мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысын да жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды.

 

Бұл заң талабы бойынша енді министрлер, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары өздеріне тікелей бағынышты мемлекеттік қызметшілер жемқорлық қылмыс жасаса, қызметтерінен кетуге тиіс.

 

Кешегі аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткізілген арнайы брифингте агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов осы заң талаптары жөнінде түсіндіріп өтті. Айтуынша, бірінші басшы өзіне тікелей бағынатын қызметкерге қатысты айыптау үкімі күшіне енгеннен кейінгі он күннің ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.

 

Ал тікелей басшыға бағыныштылар мыналар: Министр үшін – оның орынбасары, жа­уапты хатшы немесе аппарат жетекшісі, облыс­тық бөлім жетекшілері. Облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімі үшін – оның орынбасары, аппарат жетекшісі, аудан әкімі. Вице-министрлер өз қадаға­лауындағы ведомстволар мен жеке құрылымдық бөлім басшыларының жемқорлық әрекеті үшін жауапты. Облыс әкімінің орынбасарлары өздері қадағалауы тиіс атқарушы орган басшылары жем­қорлық жасаса қызметтен кетеді. Аудан әкімі өз орынбасарларының, аппарат басшысының, аудандық атқарушы органдар басшыларының, ауыл әкімдерінің жемқорлығы үшін отставкаға кетеді.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ