Жапырақ жақпаңыздаршы!

28.11.2019
Қаралды: 60

Өткенде жұмыстан кештетіп қайтқан едім. Ағаштар жапырағынан арылған қара күздегі Шымкенттің жайы белгілі ғой. Ерсілі-қарсылы ағылған мың-сан көліктен бөлінген улы газ бен жерден көтерілген шаң-тозаңнан тыныс алу қиын.

 

Бұл – күзде жыл сайын болып жататын көрініс. Жылда қайталанатын тағы бір жай – кейбіреулердің жиналған жапырақты өртеуі. Жанған жапырақтан бөлінген түтін де улы, оның адамға зияны ти­мей­ді деп ешкім айта алмаса керек. Ол да Шымкенттің ауырлаған ауасына өзіндік салмағын қосады емес пе?

 

Автобустан түсіп, кетіп бара жатқанмын. Біреулердің дабырлап сөйлегеніне қарасам, екі-үш адам шарбақ түбіне жиналған жапырақтарға от қойып жатыр екен. Ерінбей бұрылып барып, оның дұрыс емес екенін түсіндірдім. Жас бозбалалар екен, бір жақсысы, «жұмысың қанша?!» деп өзіме дүрсе қоя бермей, үнсіз ғана қимылдап, енді тұтана бастаған отты сөндірді. Онысына, әрине, ішім жылып қалды.

 

Айтайын дегенім – жапырақты жақпаңыздаршы, аға­йын! Оны сыпырып, бір жерге үйіп немесе қаптап қою керек. Таң қараңғысынан кешке дейін тыным таппайтын тазалықшылар көлікке артып алып кетеді. Осылай ету әркімнің қолынан келеді ғой.

 

Г. ӘБЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ