Алақаны шипалы жан

28.11.2019
Қаралды: 81

Құрсауына түскен жанның қол-аяғынан жан қашыратын жаман ауру бар,  инсульт деген. Осыдан он бес жыл бұрын шымкенттік Алтынбек Жасұзақұлы осы халге тап болыпты.

 

Инсульт оны тойда асаба ре­тін­де қызмет етіп тұрған жерінен құлатқан.

 

«Содан ауруханаға түстім. Бәрі­міз «Роща» деп атап кеткен ауруха­наға. Мен оған дейін өзімде «давле­ние» бар екенін білмеппін. Сезген емеспін. Қан қысымы жоғары болуын сезінбеу жаман екенін ауруханада естідім.

 

Инсульт алғанда мен 42 жаста едім. Сол жақ аяқ-қолдан жан ке­тіп, қимылсыз қалған. Дәрігер­лердің ар­қасында әйтеуір жаным қалды. Ал ары қарай қайтемін деп жатқанымда жанымдағы адамдар Нәзира Тоқбаева деген массажшыны мақтай жөнел­ді.

 

«Менің мына қолым қимылдамай қалған. Түк сезбейтін. Нәзира массаж жасады. Маған жеті күнде қолыңыз кәдімгідей сезіп, қимылдайтын болады деген. Күніне екі рет массаж жасатып отырдым. Айт­қаны рас, дәл жеті күнде қолыма жан кірді», – деді Шардарадан келген ата. Ата ауруханадан шыққан соң да бірнеше күн массаж алуды көздеп отырғанын айтты.

 

Осы сияқты үмітімді оятатын сөзді тағы бірнеше адамнан естіген соң мен де Н.Тоқбаеваға өтініш айттым. Мені көре сала: «Үш күнде беттің тартыл­ғаны қалпына келеді», – деді. Айтқанындай, дәл солай болды. Сөйтіп ауруханада жатқанда және шыққан соң да араға 10-15 күн үзіліс салып, үш әлде төрт рет массаж курсын ал­ған соң инсульт зардабын толық ұмытып, сап-сау қалпыма келдім. Сол кезде көргенім – Нәзира Тәжібайқызын әсіресе инсульт алған адамдар із­дей­ді екен. Сұрастыра келгенде жұрттың өзі-ақ кімнің қолы шипалы екенін айтады ғой.

 

Білемін, массажшы көп. Бірақ қолына Құдай өзі шипа берген адамдар санаулы ғой. Нәзира Тәжі­байқызы – сондай жан. Оған аяқ-қолы икемге келмейтін ДЦП, түрлі жарақат салдарынан жүруге жарамай қалған адамдарды, дисплазия диагнозындағы балаларды жиі апаратынын көрдім. Өзім де Нәзираның арқасында қатарға қосылдым», – дейді А.Жасұзақұлы.

 

Уақыт өте келе екінші рет инсульт алған бұл азамат бүгінде мас­саж жасату үшін тек қана Н.Тоқбаеваға баратынын айтады. Нәзира Тәжібайқы­зының өзі де Шымкентте жүрсе де, сосын Түркістан облысындағы бірқатар аудандарға шық­са да адамдар танып, алғысын айтып жатады дейді. Бір кездері бұл кісіден ем ал­ған адамдар массаж қажет еткен таныс-туыс­тарына да қолы шипалы деп осы кісіге жол сілтейді.

 

Иә, Нәзира апайдың массаж жасап жүргеніне 22 жылдан асыпты. Алтынбек секілді талай азаматтың алғысын алған оның тағы бір ерек­ше­лігі бар. Ол жел кернеп желкесі құрысып, сіңірі тартылып немесе денесі ұйып, басқалай жағдаймен мазасы қашып тұрған адамды алыстан сезеді.

 

«Ондайда сол адамның ауырған жерін сылап-сипап, жәрдем бер­ме­йінше байыз тауып отыра алмаймын, – дейді Н.Тоқбаева. – Ауырып тұрған жерге қолдарым өзі барады. Ал сылап-сипап, жәрдем бермесем, өзім қысыла бастаймын.

 

Бірнеше жыл жүре алмай жатып қалған, ендігі тек мүгедектер арбасымен ғана қозғалады деген талай адамды 10 күнде қозғалыс­қа келтірген кездерімде олардан бұрын өзім қуанамын.

 

Көп адам айтқаныңыз тура келе­ді дейді. Мен қанша күнде жазыласың десем, шынымен сонша күн­де сауығып кеткеніне таңданады. Бірақ мен өзім мұның себебін біл­мей­мін. Аузыма Алла салатын шығар.

 

Бірде пойызда ұйықтай алмай дөң­бекшідім. Жаным қысылып бара жат­­қан соң жоғарыда жатқан келін­шек­ке: «Сен ауырып, мазаң болмай жатырсың ғой? Ба­сың­ды, арқаңды уқалап берейінші», – дедім. Келісімін күтпей, массажды бастап  жібердім. Сәлден кейін ме­нің де, оның да үстімізден жүк түс­кендей болып жеңілдеп, жадырап шыға келдік. Осындай жағдайлар көп. Соған қарағанда, ауырған адам­ның аурасын сезетін болсам керек.

 

Тағы бірде үйде өзімнен-өзім желкем тартылып, шаншу қадалып, мазам кетті. Бір сағаттан кейін көр­шім қызын алып келді. Қарадым да, қыздың дәл солай ауырып тұрғанын сезе қойдым. Көршіме түсініп қой­ғанымды көзбен ұғындырып, жар­ты сағаттай сылап-сипап, қыз да, мен де тәуір болып шыға келдік. Мен ауыр­ған адамды осылай – өзім қосыла ауы­рып сезінемін. Бірақ мұның себебін, неге олай екенін білмеймін. Массаж жасап жатқанда да бауыры іскенін, жатыры тө­мен түскенін, остеохондрозды, бу­ын­дағы сары суды сезіп, тексе­ріліп, ем алуы керегін айтамын. Сол дұрыс шығады. Қалай білесіз дейді. Оны түсіндіре алмаймын».

 

Нәзира апай бүгінде массаждың емдік, қыздыратын, балаларға ар­нал­­ған, нүктелі, классикалық түрле­рін жасап жүр. Буыны қатпаған, дисплазиясы бар, аяғы маймақ талай бала оның алақан биотогының ар­қа­сында екі аяғын тең басып жүр. Инсульт, жарақат салдарынан сал бол­ған адамнан алған алғысы көп. Емделуші­лерінің бәрі де оның қолында ерекше бір қызу ба­рын айтады. Әсіресе әйелдер қауы­мы қуық пен жатырдың суықтауы, төмен түсуінен дәрісіз құтылғанына қуанады.

 

Біз Нәзира апаймен танысып, әңгі­мелесіп тұрған кезде жанымыз­ға бір келіншек келді. «Нәзира апай, мұрным бітіп, демала алатын емес­пін. Сізді гайморитке дәрі жасайды дейді ғой. Маған да жасап беріңіз­ші», – деді ол. Сонда білдік, Нәзира Тәжібайқызы бірнеше шөп сығындыларынан мұрын қуысындағы іріңді кетіретін дәрі жасайды екен. Он күн таңертең және кешке оны мұрнына тамызып жүрген адам гаймор қуысындағы кеселінен толық құтылатынын емделушілері айтты.

 

Міне, Шымкентте алақанында шипа бар осындай жан тұрады. Қажет еткендер, Нәзира Тоқбаевамен 8-701-452-73-52, 8-771-153-77-64 нөмірлері арқылы хабарласуына болады.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ