«Ауылдың» алдағы күндерге дайындығы қандай?

25.11.2019
Қаралды: 52

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

 

«Қазіргі кезде «Ауыл» партиясының атқарған шаруалары ауқымды. Халықтың денсаулығы, қауіпсіздігі, яғни елімізге шетелден келіп жатқан тауарлар, тамақ өнімдері мәселелерін көтердік. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы жер құнарлылығына қатысты талдап, жастар мәселесі, олардың білім сапасы туралы ұсыныстар айттық. Келешекте халықтың үмітін, сенімін ақтайтын партиялар қатарында болуымыз керек», – деді осы жиында сөйлеген сөзінде партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.

 

Күн тәртібінде «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамын, филиал төрағасын сайлау, «Ауыл» партиясының ХYІ съезіне  делегаттар сайлау мәселелері қаралды.  Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, оған 9 адам енгізілді. «Ауыл» ХДПП хатшысы Бөрібай Жексенбин партияның Шымкент қалалық филиалының төрағалығына Қанатбек Досалиевтің кандидатурасын қайта ұсынды, дауыс беру нәтижесінде бұл ұсыныс бір ауыздан қабылданды. 

 

Партия съезіне Шымкент қаласынан 13 делегат сайланды. Олардың қатарында Исмат Тұрсынқұлұлы, Әуесбек Тұрдалиев, Балтабай Құрбанбаев, Фарид Ақбердиев, Асқар Есімбеков, Сабыр Әбдиев сынды азаматтар бар.

 

М. БИБОЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ