Бір адам 2 миллион гектар жерді иемденіп алған

15.11.2019
Қаралды: 116

Қазақстанда ұтымсыз, яғни біреулердің қолында, бірақ пайдаланбай, бос жатқан тек жайылымдық жерлер (егістік емес) қанша, білесіздер ме? 35 миллион гектар!

 

Бұл көп пе, аз ба? Бұл жер көлемі бо­йынша Польшадан үлкен, Германиядан сәл-пәл кем жер екен.

 

Бос тұрған, малы жоқ, көлемі Польшадай жайылымды елестете аласыздар ма? Миға симайтын нәрсе, иә?

 

Міне, қандай «блатной» латифундистер бар бізде!

 

Мысалы, тек Маңғыстауда ғана бір адамның қолында 2 миллион гектар бос тұрған жайылымдық жер бар екен. Ол үш Латвияға тең! Үш Латвия бір адамның қолында, түсінесіздер ме?

 

Жақын арада космомониторинг туралы бұйрыққа қол қойылуы керек. Өткен бейсенбіде вице-премьер Склярда бұл тақырыпқа арналған үлкен жиналысты өткіздік.

 

Қарашада жақсы жаңалықты күтеміз, амандық болса.

 

М. ТАЙЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ