Брейнсторминг форматында талқыланды

13.11.2019
Қаралды: 73

Шымкент қалалық сотында «Құқықтық сауаттылықты дамыту» тақырыбында брейнсторминг форматында ой-талқы өтті.

 

Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Шымкент адалдық алаңы» атты жобалық офистің басшысы Е.Төлебаев, Шымкенттегі бірнеше жоғары оқу орындарының ректорлары мен студенттері, Шымкент қаласы соттарының судьялары мен мамандары қатысты.

 

Жиында алғашқы болып сөз алған Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов алдымен шараның мақсатына тоқталды. Сонымен қатар ол: «Брейнсторминг әдісі ағылшын тілінен аударғанда «ми шабуылы» дегенді білдіреді. Бұл – проблемаларды шешуде жаңа идеяларды іске асыруда қолданылатын әдіс. Оның мақсаты – проблеманы шешуде дәстүрлі емес жолдарды іздестіру бойынша ұжым­дық ойлау қызметін ұйымдас­ыру», – деп брейнсторминг әдісіне түсіндірме бере кетті.

 

Аталған шарада студенттер мен сот қызметкерлері тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі идеялар мен ұсыныстар ортаға тасталынды. Олар «Кәсіптік мемлекеттік аппаратты құру үшін», «Тараптардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі», «Сот жүйесін арттыру мақсатындағы ұсыныстар мен идеялар», «Сотқа жүгінушінің құжаттарын дұрыс рәсімдеу», «Қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін ұсыныстар», «Сот мамандарының тәжірибесін арттыру» тақырыптары аясында презентация жасап, тың пікірлерін көпшілікке ұсынды.

 

Сарапшы ретінде қатысқан Шымкент қалалық сотының қыл­мыс­тық істер жөніндегі апелляция­лық сот алқасының төрағасы Е.Жан­ғ­азин, Соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Есенгелдина, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Тө­лебаев және авдокат Ғ.Алдиярова спикерлердің жұмысына қатысты ой айтып, оң баға берді.

 

Жиын соңында жаңа жобаларды іске асыру мақсатында Н.Бай­тілесов пен бес универ­ситеттің ректорлары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

М. ШЫНҰЗАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ