Әйелге 5 секундтан артық қараса, айыпталады

13.11.2019
Қаралды: 109

Монғолияда Мемлекеттік қызметші тәртібі Кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға қызық өзге­рістер енгізілмек. Енді бұл елде бөтен әйелге 5 секундтан артық қарауға болмайды, ол жыныстық сипаттағы құмартушылық, емініп, дәмелену ретінде бағаланатын болады.

 

Сондай-ақ енді монғол мемле­кеттік қызметшілері ұшақта бизнес-класс қызметін пайдалана алмайды. Оларға қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға да тыйым салынды. Оған қоса мемлекеттік қызмет­шілерге енді бағасы өзінің айлық жалақысынан қымбат шығатын сыйлық алуға да болмайды.

 

Осының бәрінің туындауына елдің Конституциялық Сот төрағасы Дорж Одбаяр кінәлі болып қалды. Ол таяу­да бір қызметкерімен бірге Оңтүстік Кореяға барған екен. Сонда ұшақта масаң күйде болып, кореялық стюардессаның бөксесіне қол жүгірткен. Ал жанындағы серігі екінші бой­жеткеннің иығына асылған екен. Инч­хон қаласына барып жеткен бетте полиция екеуін де қамауға алған. Сосын біраздан соң босатқан. Арада көп өтпей бұл Монғолия үкіметіне белгілі болды. Енді кінәлі азаматтар­ға  тиісті жаза қолданылуы мүмкін.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ