Білім мен тәрбие орнын жоспар мен есеп басқан

21.10.2019
Қаралды: 78

Бұл – қарапайым мұғалімнің жанай­қайы:

 

«Кэмбридж» деді. Онымен сабақты бас­таған балалар қазір 8-сыныпта оқиды. Нағыз білімсіз балалар солар болып шықты. Не диктант жаза алмайды, не мазмұндама жаза алмайды. Сөйлеуді ғана біледі.

 

Одан «жаңартылған білім дұрыс екен» деді. Оған қаржы құйды. Мұғалімдерді оқытты, қыруар ақша жұмсады. Соңында «ол да керек емес, үш тіл жақсы екен» деп, мұғалімдерге енді ағылшын тілін оқытып жатыр. Өз басым содан ағылшынша сабақ беріп отырған мұғалім, ағылшынша сабақ айтып тұрған бала көрген жоқпын. Бәрі шала.

 

Қалалық білім басқармасынан күніне 25 қағаз келетін шығар. «Анадай шара өткіз», «мынадай сабақ өткіз» дейді. Сосын видеоесеп сұрайды. Білім, тәрбие деген мәселе жоқ. Жоспар, есеп.

 

Балаларға жаным ашиды. Ертең кім болып шығады бұлар?»

 

Кез келген мұғалімнен сұраңыз, кейінгі жылдардағы реформаның бәрі түкке керегі жоқ нәрсе екенін айтады. Не бұл сонда?

 

Арман ӘЛМЕНБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ