Министрді орнынан алып, майор шеніне түсіріп тастады

16.10.2019
Қаралды: 116

Түркіменстан Президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов Қаупсіздік Кеңесінің отырысы кезінде елдің Ішкі істер министрін қызметінен алып тастады. Генерал-лейтенант Ескендір Мүліковтің шені майорға дейін төмендетілді, ол барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды.

 

Ал Мүліков не бүлдірген еді?

 

Түркіменстан Бас Прокуроры Батыр Атаев жиын кезінде Ішкі істер министрлігін тексергенде мынадай кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеген болатын:

 

- Мүліков Ахал уәлаятында малдәрігерлік білімі бар адамды еңбекпен түзеу мекемесін уақытша басқаруға тағайындаған;

 

- Қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланған ашхабадтық полиция капитаны қолға түскен;

 

- Екі жол инспекторы бір көлікті заңсыз тоқтатып, көлігіңді тәркілейміз деп қор­қытып, иесінен қомақты пара талап еткен. Тағы бір жол полицейі өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, таныстарын әкімшілік жазадан құтқармақ болған;

 

- 25 жылға сотталған кәсіпкер Чары Куловтан ірі көлемде пара алу оқиғалары анықталған. Мүліков Куловты үйінде жасырып ұстаған оның туысы, Ашхабадтағы паспорт бөлімі басшысының орынбасары Мұхаммедовті қызметінен босатпаған.

 

Қысқасы, түркімен министріне осындай бірнеше кінә тағылды, ол өзіне артыл­ған міндеттерді дұрыс орындамаған деп танылды.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ