Қалалық білім басқармасы қашанғы басшысыз отырады?

14.10.2019
Қаралды: 91

Миллион тұрғыны бар Шымкент қаласында қазіргі таңда 100-ден аса мектеп бар. Осы білім ошақтарында мыңдаған мұғалім жас ұрпаққа тәрбие-білім беріп келеді.

 

Айтайын дегенім, осы білім ордаларына басшылық жасап, қадағалайтын қалалық білім бөлімінің басшысының орны 9 айдан бері бос тұр. Бұл тізгін босаса, қаламыздағы мектептердегі тәрбие, білім жағы сөзсіз әлсірейді.

 

Басшыларды өзімізден таппай, алыстан алдыртатын дәстүріміздің бар екені де өтірік емес. Басшы тізгінін жан-жақты дамыған, білімі зор, қала мектептерінің жағдайымен таныс, ұстаздар қауымымен жақын араласып жүрген, көпке танымал азамат ұстауы керек.

 

Көп жылдар бойы білім саласында барлық күш-жігерін аямай, өз жұмысын ұқыптылықпен атқарып жүрген, барлық мектеп өмірімен таныс бола білген танымал басшы педагогтардың бірі – Айгүл Текебаева. Ол кісі Шымкент қалалық білім бөлімін уақытша 9 айдан бері басқарып келеді. Осы маманның кандидатурасы басшы орнына әбден лайық деп білемін.

 

Қайрат УМАРОВ, ұстаз.

Қайрат Умаровтың байланыс телефоны: 8-705-992-46-68.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ