Өте өрескел бейнежазба тарап кетті

10.10.2019
Қаралды: 156

Кешегі аптада әлеуметтік желілер­де өте бір өрескел де тосын бейнежазба ел ішінде жаппай тарап кетті.

 

Тосын дегеніміз – көруге көз, айтуға ауыз ұя­ла­тын қолайсыз жай. Сондықтан бұл сұмдық жайлы жазбауға, ауыз ашпауға болатын еді. Бірақ...

 

Бірақ адам санасына сай келмейтін сұмдық бейнеде, біріншіден, табиғи болмыс бұзылуының анық дәлелі бар: онда екі ер­кектің тыржалаңаш күйде анайы әрекет жасап жатқаны түсірілген. Екіншіден, төсекте тыр­жа­­лаңаш табысқандардың бірі – сот сала­сының жоғары сатылы қызметкері екендігі көрсетілген.

 

Тарап жатқан бейнежазба жанында өмір­баян бар. Таратушы онда әділет басқармасы, прокуратура саласында еңбек еткен, кейін бірнеше облыста сот төрағалығында қызмет атқарған адамды меңзепті. Әңгіме солтүстік облыстардың біріндегі судьяға барып тіреле­тіндей.

 

Бұл мәселе бойынша біз Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысына хабарластық. «Ішкі қауіп­сіздік қызметі тексеру жүргізіп жатыр. Мұндай бейнежазбаны таратқан адам жауапқа тартылады. Кім түсірді, қашан түсірді? Не мақсатта таратты, бәрі анықталатын болады. Алдын-ала зерттеу бойынша, бұл 95 пайыз жалған ақпарат. Себебі бейнежазбадағы адам мен судьяның түрі, басқа да белгілері ұқсамайды. Біз оның өзімен сөйлестік. Қосымша ақпаратты кейінірек ресми түрде хабарлайтын боламыз», – деді Айдос Сәдуақасов.

 

Араға үш сағат салып, Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты. Онда «Павлодар облыстық сотының Қылмыстық коллегия төрағасы Әкетай Мұрат­ғали Абрарұлының абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін бейнежазба бойынша айтарымыз, судьяның бұл жазбаға қатысы жоқ. Ол кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабының 3-ші тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммункациялар желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату) және 130-баптың 3-тармағы бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер бойынша жала жабу) жауап­қа тарту үшін полиция департаменті мен Павлодар облыстық прокуратурасына шағымданды», – делінген.

 

Әрине, бұл оңай нәрсе болмай тұр. Оқиға соңы қалай аяқталарын алдағы уақыт көрсетеді.

 

Ж. ДӘРМЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ