Үлкен лауазымды кісіге тойға келгені үшін 200 мың теңге беріпті

09.10.2019
Қаралды: 48

Халықпен жұмыс істегенде көп нәрсені көріп, естіп таңқала бастайсың.

 

Алматыда баласына сүндет той жасаған қазақ ағамыз астанада әжептеуір қызметте істейтін кісіні то­йына арнайы шақырыпты. Шақырғанымен қоймай, барып-келетін ұшақ билетін өз қалтасынан төлеп, келгені үшін арнайы 200 мың теңге берген.

 

Яғни той иесі келген қонаққа тойға келгені үшін 200 мың теңге берген. Мақсат не дейсіз ғой?

 

Тойға ағайын-туысы жиналады. Солардың алдында астанада істейтін пәлен деген дөкей менің аралас-құралас адамым дегенді көрсету үшін. Менің «кругым» осындай адамдар деген «тонкий намек» тастау үшін.

 

Қайрат пен Төреғалидің тойда ән айтқан ақысы қымбат деп жатамыз ғой. Сол сияқты, үлкен қызметте істесең сол әншілер секілді тойға келіп, ән айтпасаң да ішіп-жеп, оған қоса ақша алып кетуге болады екен. Саған қойылар бар талап – ірі қызметте істеуің керек.

 

Қысқасы, қазақты ақылмен түсіну мүмкін емес. Осы деңгейде ойлайтын халықтың санасын қалай реформалап, өркениетке сүйреуге болады?

 

Өз халқымның кейбір осындай қылықтарынан өзім шошимын. Жүре берсең, көре бересің деген рас-ау.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ