Жеті баланың анасынан 517 мың теңгені қайтарып алуға шешім шығарды

07.10.2019
Қаралды: 41

Үкімет көпбалалы аналардан қылмыскер жасап шығарды ғой. Кеше Қарағанды облысындағы Шахтинск қалалық сотының судьясы Жанна Мырзахметова жеті баланың анасы Назгүл Сәрсенбаеваға қатысты шешім шығарды. Әйелдің үстінен шағымды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі берген.

 

Назгүлдің жолдасы қоқыс шығаратын фирмада күзетші. Қыста қосымша мектепте от жағады екен. Біздің үкімет екі жерде жұмыс істеп жүр, табысын жасырды деп үлкен ұрыны ұстағандай болыпты.

 

Сосын ескі, бұзылып тұрған көліктері бар екен. Ол біздің шенеуніктердің көзіне Бердібек Сапарбаевтың ұлының астындағы 300 мың евро тұратын «Ferrarі»-дей көрініпті.

 

Қысқасы, қазақтың көбеюіне үлес қосып отыр­ған отбасы 517 мың теңгені қайтаруы тиіс.

 

Мен бұндай масқаралықты, ұятсыздықты естімеппін. Президенттік сайлау алдында үйіп-төгіп уәдені беріп еді. Аяғы қалай болғанын көріп отырсыздар. Осы мәселе Қоғамдық сенім кеңесінде айтылса екен дейсің.

 

Әй, бірақ беттері бүлк етпес...

 

Қанат ТІЛЕУХАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ