4800 долларды әшейін бере салыпты...

03.10.2019
Қаралды: 167

Атынан ат үркетін ұлттық компанияда жұмыс істейтін бір қызметкер айтады: «Компаниямызда әлдебір мәдени іс-шара өтіп жатқан. Мен сондағы техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген едім. Ең үлкен басшымыз – бай олиргархтардың бірі. Қарсы алдымнан жолығып қалды да, менен: «Сен бізде істейсің бе?» – деп орысша сұрады. Жауап бердім. «Бала-шағаң бар ма?»  «Иә, бір ұл, бір қызым бар». «Жарайды, менің көңіл-күйім бүгін өте тамаша болып тұр», – деді де, қасындағы көмекшісіне иек қақты. Ол жүгіріп жетіп қолындағы сөмкесін аша қойды. Олигарх басшым қол жүгіртіп, саусағына іліккен ақшаны алды да, маған ұстатты. «Балаларыңа бірдеңе апарып беріп, менің атымнан сыйлық жаса», – деді. Оңаша шығып, санап көрсем, 4800 доллар екен. Қуанып кеттім», – дейді.

 

Апыр-ай, кездейсоқ бетпе-бет жолыққан бір адам­ға осыншама ақша ұстата салатын әлгі мырзаның маңында қаптап жүргендер түк бітірмей-ақ одан да зорына күнде қарық болатын шығар.

 

Сонда әлгі адам қай атасынан қалған дәулетті осылай шашып жүр екен?!

 

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ