Жастардың жаппай шетел асуы қауіпті

03.10.2019
Қаралды: 106

Қазіргі жастар үшін Нью-Йорк­те тұрасың ба, Делиде тұрасың ба, жоқ әлде Шымкент­те тұрасың ба, бәрібір болып қалды. Жақсы жұмыс табылып, тұрмысы дұрыс болса жетеді.

 

Кешегі совет заманы адамдары мен шетел адамдарының таным-түсінігі жер мен көктей еді ғой. Ал қазіргі жастардың ойлары бірдей. Компьютері де, ойын­шығы да, көретін кино, жейтін тамағы, киімі де бірдей. Сондықтан олар бір-бірін шетелдік деп санамайды. Бәрі бір елде өсіп, бір тілде білім алып келе жатқан сияқты. Тіл білсе, Қытай, Жапония, АҚШ-қа кетіп қалу түк емес. Сондықтан өз елімізде өз жастарымызға жағдай жасап, жұмыс тауып бермесек, болашақта бәрін жоғалтуымыз мүмкін.

 

Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ