Кей әйел ақшасы болса, қытайға тие салады

01.10.2019
Қаралды: 152

Қытайдың 55 жобасына қарсылық кү­шейіп барады.

 

Сол тақырып пайда болғалы кей адамдар Сталиннің соғыстан кейін 100 мың қытайды көмекке жіберейік деген Маоның ұсынысын қабылдамағаны көрегендік деп айтып жатыр.

 

Соғыстан кейін жесір әйел көп, еркек жетіспейді, Қытаймен мытысудан сескенген Сталин ондай қадам­ға бармаған. Әйтпесе оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болғанын білесіздер.

 

Қазір де қауіпті. Өйткені әйелдердің біразы ақшасы болса қытайға тие береді. Бай қытай әйелін қазақ еркегі алыпты деген әңгіме жоқ. Таяуда ғана Нұр-Сұлтаннан кәсіпорын ашқан қытайға қазақ әйелі тиді. Қытай оның әке-шешесіне, өзіне Нұр-Сұлтаннан екі пәтер алып берді.

 

Бұл бас жағындағы жарнама сияқты, кейін ондай сыйлық та болмайды. Әйелдердің кедей еркекке тигісі келмейтін тұсында біз 55 жобаға келісім жасап, ақшалы қытайды әкелмекпіз.

 

Мен Қытай кәсіпорындарының Қазақстанға әкелінуіне қарсыларды қолдаймын.

 

Азамат ХАЙСИН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ