Көңіл бөлсе, баланы топырлатып туар еді

01.10.2019
Қаралды: 76

Ресейде босанған әйелге 453 мың 26 рубль береді. «Материнский капитал» дейді оны олар. Оны біздің ақшаға шақсаң, 2 миллион 265 мың теңге болады екен.

 

Ал бізде қанша теңге береді дейсіз ғой? 91 мың теңге береді. Орыстардан 25 есе аз төлейді. Ресейге елпектей бергенше осындай ақшаны бір рет болсын беріп қойса, демографияға кәдім­гідей стимул беретін еді ғой. 2 миллион 265 мың теңге емес, 265 мың теңге берсінші, сол да жетеді! Қазақтар сосын оны 2 миллион 265 мың теңге қылу үшін баланы топырлатып туады.

 

Ресейде ол ақшаға үй иеленіп алады екен. Бізде үй алмақ түгілі, айлығын шайлығына жеткізе алмай, айлықтан айлыққа дейін әрең күн көріп отыр елдің көбі.

 

Халықтың өсімі кейде осындай болмайтын нәрселерге қарап қалады. Жыл сайын өлгендерінің саны туғандарының санынан асып бара жатқан орыстар қазір демографиясын оңалту үшін қатты жанталасып жатыр. Бізге де осындай құжат па, заң ба, бірдеңе керек сияқты. Әйтпесе анау аз ақша өлместің күнін көруі үшін бере салған ақша секілді болып көрінеді екен...

 

Жолымбек МӘКІШ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ