Ел байлығының тең жартысы 162 адамның қолында екен

30.09.2019
Қаралды: 217

Қазақстан байлығының тең жартысы 162 адамның қолында екен. Бұл жөнінде «Альпари» сайтына сілтеме жасай отырып, бірқатар ақпарат құралдары жариялады.

 

Ондағы мәліметтерге сенсек, елдегі табыс табу жасындағы азаматтардың 97 пайызға жуығының жылдық кірісі 10 мың доллардан аспайды. Ал 162 адамның табысы Қазақстан байлығының шамамен 55 пайызына тең. Оның ішінде 5 адам 2-3 миллиард доллар жылдық кіріске ие, 45 адамның табысы 80 миллионнан 800 миллион долларға дейін, 112-сінікі  50 миллионнан 80 миллион долларға дейін барады.

 

Сондай-ақ еліміздегі 5832 адамның жылдық табысы 1 миллионнан 50 миллион долларға, 42 мың 301 адамның табысы 100 мыңнан 1 миллион долларға, 326 мың 322 адамның жылдық табысы 10 мыңнан 100 мың долларға дейін барады екен.

 

...Арнайы сарапшылар осындай қызықты есеп жасапты. Ал өмірде көріп жүргеніміздей, еліміздегі кей адамдардың жылдық табысы 1000 долларға да жетпейтін сияқты. Мысалы, 30 мың теңгеге жұмыс істейтінін айтып жүргендер (күзетші, еден жуушы) бар. Мынадай қымбатшылық құрсаулаған заманда солар қайтіп күн көріп жүр десеңізші?!

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ