Жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа неге алмайды?

24.09.2019
Қаралды: 34

Біз кезінде Кеңес үкіметінде өмір сүрдік. Сол кезде, мысалы, біздің Оңтүстік Қазақстанда үй салуға қажетті қаражат алу үшін Мәскеуге, министрге барып, бірнеше күн сол жақта болып, бюджеттен қаржы бөлдіруге рұқсат алып қайтатын еді. Өз еркімізбен ештеңе істей алмадық.

 

Сол кезде бұрын сотты болғандарды заң орындарына, жауапты қызметке жұмысқа алмайтын. Бірақ оларды басқа жұмыстарға ала беретін. Ал қазір күзетке, жүргізушілікке, бас­қа да осындай жұмыстарға алмайтын болыпты. «Сотты болғансың» дейді екен.

 

Ал сотты болғандардың да түр-түрі бар емес пе? Біреулері шын қылмыскер, бірі жаза басқан, енді бірі нақақтан кеткен дегендей.

 

Сонда олар қайтіп күн көреді? Бала-шағасын, қартайған әке-шешесін қайтіп асырайды? Жұмыс істемейтін адам кімге жағады? Оның өзі де ішіп-жемейтін бітеу емес қой. Отбасындағы жетіспеушіліктен ырың-жырың түсі­ніспеушілік туындайды. Сонда олар не істеуі керек? Қайтадан қылмыс жасап, түрмеге түсуі керек пе? Әлде өлуі керек пе? Не істеуі керек?

 

Осы мәселені қарамай, Парламент депутаттары не ойлап отыр? Қандай да бір көмек, жәрдем, жол көрсету керек шығар. Өзіміз аз халықпыз. Ойлану керек қой.

 

Әрине, қылмыс жасаған адам тиісті жазасын алуы керек. Бірақ жазасын өте­гесін оның да жұрт қатарлы өмір сүруі керек қой.

 

Біріміз бірімізден құқай көріп,

Дұшпанға жем бол­майық, ұпай бе­ріп.

Біріміз бірімізді сыйламасақ,

Сыйламас АҚШ пенен Қытай келіп.

Осы мәселені де ойланайықшы, ағайын!

 

Шалқар АРЫСБАЕВ, «Халық құрметі» төсбелгісінің иегері.

Шымкент қаласы.

Шалқар Арысбаевтың байланыс телефоны: 8-701-164-46-71.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ