Ел аузында тағы да – Ғабидолла...

23.09.2019
Қаралды: 132

Елімізде жұрт таңқаларлық кейбір кадрлық ауыс-түйістер жиі болмаса да кейде орын алып тұрады. Биылғы 30-шілдедегі Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың (суретте) тосыннан лауазымынан босатылуы да осындай жайлардың бірі болған еді.

 

Ал қала әкімін орнынан алған кезде Шымкентке арнайы келген Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев мұның себебін былай деп түсіндірген болатын: «Әбдірахы­мовтың ел басшылығы тарапынан әрқашан қолдау мен сенімге ие болып келгенін біле­сіздер. Бірақ ол оны жеткілікті деңгейде сезінбеді. Оған көрсе­тілген сенім түгесілді», – деген еді.

 

Әйтсе де Ғ.Әбдірахымовқа көрсетілген сенім түбегейлі түгесіліп қалмаған сияқты. Әбдірахымов енді Елордада қызмет атқаратын болды. Кешегі аптада Үкімет басшысы А.Маминнің өкімімен ол Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

 

Ғ.Әбдірахымовтың Шымкентке екі мәрте (2015-2017 және 2018-2019 жылдары) әкім болғаны белгілі. Ол өзінің кейбір ерекше сөздерімен, әрекеттерімен көзге түскен еді. Оның лауазымынан босатыл­ғанының өзі жұртшылық арасында біраз жыр болған. Ғ.Әбдірахымовты сыйлайтындар, қимайтындар, сондай-ақ кеткені дұрыс болды дейтіндер арасында кәдімгідей айтыс орын алған. Сол кезде біреулер оның көп ұзамай-ақ «өсіп кететінін» айтып, сәуе­гейлік танытқаны да ес­те.

 

Енді, міне, сондай жандардың «айтқанын айдай келтіріп», Ғабидолла Әбдіра­хымов Нұр-Сұлтан қаласынан бір-ақ шықты, Премьер-министрдің кеңесшісі қызме­тінен бой көрсетті. Осыған орай әлеуметтік желіде тағы да жарыса пікір алмасу басталып кетті. Солардың бірқатары төмен­дегідей.

 

Есентай Қажымсейітов: Кеңесші деген бір таусылмайтын, түбі жоқ лауазым екен...

Қайрат Тарыбай: Саяси сенімсіздік танытып едік қой?!.

Гүлмира Әбіқай: Президент Әкім­шілігінің сенімінен шығып қалған адам арада 1 ай 13 күннен соң Үкіметтің сені­міне кіріп алыпты...

Рүстем Әшетаев: Сенім кредиті тау­сылғандардың баратын жері сондай болса, ертерек тауысайық ондай кредитті онда.

Досмұрат Айтқұлов: Бұл адамнан жақсы кеңесші шығары анық!

Ақерке Құрманова: Ел бекер уайымдамапты.

Ләззат Айтбекқызы: Галаның айтқаны келді. «Көрерсіңдер, астанадан шығады» деп еді, айтқаны келді.

Роза Пернебаева: Қолдан келсе, қонышынан бас.

Qyandіq Tіmur: Бірі мақтайды, бірі даттайды. Қайсысына сенеміз? Бірақ жүйеге қарасаң, бәрі бір соқпақпен жүріп келе жатыр. Оның несіне таңқаламыз?  Бұл да бір билік тақтасындағы «фишканың» орын ауыстыруы ғой. Өткенде бірі мем­лекеттік қызметтегі жұмысына төмен баға беріп еді, енді одан да жоғарыда отырғаны өзіне кеңесші етіп алыпты. Сіздер қай жақтың шешіміне қосыласыздар?

Айгүл Әбсейітова: Бас-басына бір-бір кеңесші. Басшылардың бастары жет­пегендіктен өздеріне сайлап ала бе­реді-ау...

Шолпан Манқараева: Әртіс, клоундар, бишілер де «советник» болып жатыр ғой. Оларға қарағанда мұның «госслужбада» еңбек еткен стажы бар ғой.

Шәмшат Биболатов: Кеңесші деген кезекші қызмет қой. Уақытша болса да бос жүрме деп...

Нұрілда Айдарбек: Бізде ұрған са­йын семіреді (секіреді).

Assel Yelchіbaу: Мықты қызмет табылыпты ғой!

Берік Құсманов: Ағатайы мықты екен. Құтты болсын!

Арайлым Мұрат: Таңқалатын түгі де жоқ. Далада қалмайтыны анық еді ғой.

Алма Құрманбаева: «Доверие исчерпал» дегендер енді қалай амандасып жүр екен?

...Қысқасы, Ғабидолла Әбдірахы­мовтың жұртты таңқалдыратын әрекеттері таусылып қалмаған сияқты.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ