Монғолиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз ұйым елдегі жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілердің дүние-мүлкі туралы есебін жариялады.
Оның ішінде Президент Халтмагийн Баттулгаға қатысты мәліметтер де бар. Монғол Президенті мен оның отбасының 2018-жылға қатысты байлығы мынадай болыпты:
- Жалпы сомасы 343 мың долларға тең екі пәтер;
- 106 мың доллар тұратын «Лексус» автокөлігі;
- Жинақ шоты – 14 мың 900 доллар;
- 2017-жылғы жеке табысы – 7200 доллар, 2018-жылғы табысы – 15 мың 401 доллар;
- Отбасы табысы: 2017-жылы – 9000 доллар, 2018-жылы 6777 доллар;
- Ат (2018-жылы 4500 долларға алған);
- 2017-жылы 384 шаршы метр жер телімін алған;
- 13 мың доллар тұратын зергерлік бұйымдары бар;
- Берешек қарызы, алған несиесі жоқ;
- Монғолия Президенті бұрыннан жағдайы бар адам. Ол жалпы саны 16 компания мен кооперативтердің акционері болып табылады.
Т. ТҰРАН.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!