«Заманаға» жазылсаңыз, көп нәрседен ұтасыз!

10.10.2019
Қаралды: 142

Құрметті оқырман!

 

Әне-міне дегенше алдағы, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны да басталып кетті. Осыған орай біз Сіздерді «Заманаға» алдын-ала жазылып қоюға шақырамыз.

 

Газетке ерте бастан жазылып қоюдың кімге де болса берер пайдасы көп. Таратушы мекемелер оны дер кезінде, үйіңізге дейін жеткізіп беруді міндетіне алады. Қажеттілік туа қал­ғандай жағдайда сіздің одан сапалы қызмет талап етуге заңды құқыңыз бар.

 

Газетті жаздыртып алып тұру сізге бұдан басқа да елеулі артықшылықтар береді. Біріншіден, ол сізге бөлшек саудадан сатып алудан әлдеқайда арзанға түседі. Екіншіден, оны іздеп әуре болмайсыз, уақыт жоғалтпайсыз, газетті қолыңызға жеткізіп беретін мекеме бар. Үшіншіден, апта сайын жарық көретін газеттің бір нөмірін де қалдырмай оқып тұруға мүмкіндік тиеді. Сол арқылы еліміздегі, шет мемлекеттердегі болып жатқан тың жаңалықтардан, түрлі ақпараттардан құлағдар болып отырасыз. Оған қоса  танымдық-тағылымдық сипаттағы мақалаларды оқып, көңіл көкжиегі кеңейеді.

 

«Замананы» жаздыртып алып тұрсаңыз, көп нәрседен ұтасыз!

 

Газетіміздің жазылу бағасы да тым қымбат емес, почтаның қызмет ақысын қоса есептегенде 6 айға – 2400-2500 теңге төңірегінде.

 

«Заманаға» Қазақстанның барлық аумақтарындағы «Қазпочта», «Ернұр-пресс» және басқа да тарату мекемелері арқылы жазылуға болады. Газетіміздің жазылу индексі – 65416.

 

Қазіргі мүмкіндікті тиімді пайдаланып, «Заманаға» осы бастан жазылып қо­йыңыз, құрметті оқырман! Алдағы уақыттарда да бірге болайық!

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ