Қарызға батып, қайтерін білмей отыр

18.09.2019
Қаралды: 112

Африкадағы қытай экспансиясына қатты ұшыраған елдің бірі – Замбия.

 

Қытайлықтар бұл елді де прези­дентінің кесірінен үсті-үстіне қарыз­ға батырып, қазір оны соғыспай-ақ басып алған.

 

Соншалықты бір керемет ел болмағанымен, Замбия да әлем картасында аты жазылған мемлекеттің бірі. Бұл елдің басшылары да бірте-бірте мемлекетті құртып тынатын қауіпті саясат жүргізіп жатыр. Халықаралық валюта қоры мен Замбияға ақша құйған донор-елдер осындай шешімге келіпті. Оған себеп болған нәрсе – қазір олар қытайлық компаниялар мен қорларға қатты қарызданып қалып, оны Халықаралық валюта қоры мен Африка даму банкінен де қарыз алып болсын жаба алмайтындай жағдайға жеткен екен. Енді олар елдегі энергетикалық және көлік инфрақұрылымын, алмаз өндіретін кендерге дейін түгелдей қытайлықтардың қолына өткізіп бергелі отыр.

 

8 миллиард доллар қарызын өтей алмаған Шри-Ланка да өткенде өздеріндегі ең үлкен Хамбантота дейтін портты 99 жылға қытайлықтарға берді. Олар да біздегі астанадағы аспалы жол сияқты үлкен құрылысты бастап алып, артынан қарызға кіріп кетіпті.

 

Замбия да сонша көлемде Қытайға берешек екен. Қытайлықтар ол ақшаны қайтып ала алмайтынын біліп отыр. Есесіне оның «қайтарымына» бүкіл елді бар байлығымен соғыссыз-ақ басып алмақшы...

 

Жолымбет МӘКІШ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ