Өзіміз неге зауыт сала алмаймыз?

16.09.2019
Қаралды: 216

Жер-жерде Қытайдың 55 зауытына қатыс­ты қарсылықтар күшейіп тұрғаны белгілі. Соған орай әлеуметтік желіде Жолдас Қожабеков есімді азамат: «Қытайға ерегіскенде сол 55 зауытты өзіміз-ақ салып тастайық!» деп құлшынып шығатын кәсіпкерлер бізде жоқ па?» деген сауал жолдапты. Оған бірі қаржының, енді бірі маманның жоқтығын алға тартса, енді бірі зауыт салуға елдегі жемқорлық пен парақорлықтың кедергі болатынын сөз етеді. Тіпті бұған қара басының ғана қамын ойлайтын іштарлықтың да себепші екенін айтқандар жоқ емес. Сол пікірлердің бірқатары төмендегідей.

 

Нәзінәш Қазақбаева: Табылады ғой. Сол Қытайға жасап отырған жеңілдіктерді берсе тіпті таласып салар зауыттарды.

 

Айгүл Амирова: Бар болса да оларға салғызбайды ғой...

 

Әбутәліп Қабдырашұлы: Қолыңнан келсе саларсың, келмесе қалай саласың? Ине жасай алмай отырып, артымызға үш қарап алайық.

 

Ұлан: Ақша болғанмен ондай зауытты салатын мамандар жоқ бізде.

 

Әли Естемір: Зауыт салу деген – үй салу емес. Бір зауытты кемінде 5-6 жыл салады. 55 зауыт салу деген бір елге мүмкін емес-ау... Қазіргі уақытта Қазақстанда бір зауытты салу да екіталай. Өздігінен сала алмайды, салса да банкрот болады, не ақшасын жеп қояды.

 

Айгүл Боқаева: Біздің қазақтар жасаса, «пожарныйдың», «налогтың», СЭС-тің, әкімнің, архитектордың аузын жабамын, тумаларының жағдайын жасаймын деп ақшасын бірінші далаға шашып алады. Содан соң қалған ақшасын жеткізе алмай, құрылыс тоқтап қалады. Шетелдіктер келсе осылардың бәрі пара ала алмайды. Қорқады.

 

Науат Шекенова: Біздің кәсіпкерлер тек тойхана мен жанармай бекетін салғанға ғана ынтасы жетеді. Соның салдарынан біздің жерде не көп, тойхана, жанармай бекеті көп. Басқа зауыт-фабрикалар нөл. Қалталы азаматтарымыз бірігіп неге фабрика салмасқа? Бізден жері де, адамы да аз қырғыздар киім-кешек тігіп, кәдімгідей бізді қамтамасыз етіп отыр. Көкөніс, жеміс-жидекті де өзбектермен бірге біздің сұранысымызды қанағаттандырып отыр. Сонда біз соншалықты дәрменсізбіз бе? Ынталы кәсіпкерлерді тексерумен алға басқызбайды, ақша сыпырып алатындар көп дейді. Әділетті заңның жоқтығы. Заңға бағынбаған, ашкөз, тойса да тоймай жүрген құлқыны кең пасықтардың кесірінен осындай күйде отырмыз ғой... Қысқасы, ынта да, ұйымдастыру қабілеті де, заңға бағыну да, тәртіп те, қолдау да жоқ.

 

Жанар Қасымхан: Қытайдың затына салық көбеймейінше зауыт салу өте қауіпті.

 

Толқынбек Толқынбек: Бай байыған са­йын қалтырауық, ондайға бас ауыртпайды-ау...

 

Жарқын Қалиасқар: Жоқ боп тұр ғой,  әркім өз қара басын ойлайды. Кедей бай болсам, бай құдай болсам деген қазақтың іші тар сана-сезімі. Қазақтың жерін тонағандарды құстырып, сол ақшаға саламыз за­уытты.

 

Каn Іk: Кәсіпкерлер қаражат бөлсе қаншама қазақ батырлары жүр жұмыссыз. Болашақ ел үшін, жер үшін дейтін қара күш қайратты бауырлар көп емес пе 55 зауыт салып тастайтын?

 

...Көпшілік осылай дейді. Расында да, иен байлықтың үстінде отырған бізге өзіміз зауыт салып, өндіріс орындарын өзіміз ашуға не кедергі осы?

 

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ