Арыс: Халық қоныстарына кіріп, қуануда

16.09.2019
Қаралды: 93

Арысты қайта қалпына келтіру бойынша секторға бөлініп атқарылған жұ­мыс­тар аяқталып келеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына қарас­ты секторлардағы құрылыс нысандары толығымен аяқталып, арыстықтар қоныс тойын тойлауда.

 

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына бекітілген қаладағы 13-сектор жетекшілері Арысты қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыста елеулі еңбек еткен жұмысшыларды марапаттады. Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайрат Мұстафин мен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, тұрғындармен кездесті. Әкімдік өкілдері тұрғындарды үйлеріне барып құттықтап, оларға тұрмыстық техника сыйға тартты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданы бірлесе отырып 13-сектор­ға бекітілген 17 көшедегі 371 тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, зақым келген 198 баспананың жөнделуіне күш салды. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар рәсімдеу үшін де тиісті мамандар бөлініп, жұмыс жүргізілген. Бұл аумақ бо­йынша бір жолғы берілетін жәрдемақы 18 жасқа толған 954 тұрғынға банк карточкалары арқылы таратылып берілді.

 

Арыстағы төтенше жағдайдан соң қаланы қалпына келтіру бойынша 17 сектор­ға бөлініп құрылыс жұмыстары қызу жүргізілді. Бүгінгі таңда жалпы 9 сектор өздеріне қарасты аймақтағы жұмыстарды аяқтап үлгерді.

 

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ