Кличко қызметінен кетті

09.09.2019
Қаралды: 57

2014 жылдан бері Украина астанасы Киев қаласының мэрі – қала әкімшілігінің төрағасы болып келген Виталий Кличко қызметінен кетті. Өз еркімен емес, Министрлер комитетінің шешімімен.

 

В.Кличконы қызметтен босату жөнінде осыған дейін де айтылып келген еді. Бірақ ол бірден беріле салған жоқ. Өзін кезінде Киев халқының сайлағанын, қазір де қолдайтынын айтып, біраз қарсыласты.

 

Таяуда Мемлекеттік тергеу бюросы оған қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Кличко мұны да әдейі жасалып отырған әрекет деп мәлімдеген еді.

 

Әзірге Киев мэрінің орны бос тұр. Ал қалалық кеңес депутаттары Президент­тен Кличконы қайта тағайындауды сұрап жатыр. Енді не болмағы Зеленскийдің шешіміне байланысты.

 

Ал кешегі аптада Кличконың отбасы мүшелерімен бірге Киевтен кеткені туралы жарияланды. Кей деректерге қарағанда, олар Түркияға немесе Эстонияға бағыт алған сияқты.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ