«Алатаяқ» қандай кезде қолданылады?

11.09.2019
Қаралды: 48

2019 жылдың 1-қыркүйе­гінен бастап жол қозғалысын реттеу үшін полиция ала таяқты (жезл) қолдануға көшеді.

 

Ала таяқтар мынадай жағдайларда қолданылады:

 

- жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында;

 

- жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар істемей қалғанда;

 

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүруге;

 

- терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу кезінде;

 

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде көлік құралдарын бағыттау үшін қолданылады.

 

Ала таяқты пайдалану реттеуші беретін сигналдарды жол қозғалысына қатысушылардың қабылдауын жақсартады және полицейлердің қауіпсіздігін арттырады.

 

Жол жүрісін реттеу сары түсті кеу­дешелер киіп, арнаулы жарық шағылыстырғыш қолғаптармен алатаяқты пайдалана отырып, ысқырықпен белгі беру бойынша жүзеге асырылады.

 

Жол қозғалысы қауіпсіздігі сақталуын бақылау көбінесе автоматты тіркеу жүйелерінің көмегімен атқарылады.

 

Бүгінгі күні автожолдардағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауысты­рыл­ған. Яғни көлік құралдарын тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғылар пайдалана отырып, ала таяқ қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылатын болады.

 

Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді.

 

Ала таяқтарды қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Өйткені бұрынғы ала таяқтар сақталған.

 

Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ